Елорданы президенттің есімімен атау туралы идеяны бұл жолы тұңғыш ғарышкер әйел Валентина Терешкова ұсынды.
Тұңғыш ғарышкер әйел, Ресейдің Мемлекеттік думасының депутаты Валентина Терешкова қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтап, оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды.
"Астанадай тамаша қаланың тұрғындарын, бүкіл қазақстандықтарды осы бір айтулы күн – қаланың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев салған қала. Астана деп емес, президенттеріңіздің есімімен атау керек деп санаймын. Біз ол кісіні қатты жақсы көреміз, біздің президентіміз Владимир Владимирович Путин мен Нұрсұлтан Әбішұлының достық қарым-қатынаста болғанын мақтан тұтамыз. Өте қуаныштымыз", — деді Терешкова Мемлекеттік думаның Астанаға жұмыс сапары кезінде.
2016 жылы қазақстандық депутаттар Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясында елорданы Қазақстанның тұңғыш президенті есімімен атауды ұсынған болатын. Астананың атауын өзгертуге екі нұсқа болды: "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев". Мемлекет басшысы бұл идеяны қолдамады.
Дереккөз: Sputniknews.kz