Астана-Петропавл тас жолында болған жол көлік оқиғасынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты деп жазады Қазақпарат. Марқұмның жасы 37-де.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға бүгін түс кезінде «Астана-Петропавл» тас жолының 261 шақырымында тіркелген.
«Шахтинск қаласының 1981 жылғы тұрғыны «Ковасаки» мотоциклінің руліне ие бола алмай жол ортасын бөліп тұрған қоршауға барып соғылған. Ол апаттан алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жол апатына байланысты сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізілуде», деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук.