Жаңаөзенде мотоцикл өртеніп кетті. Бұл туралы Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Назар Теңелхан хабарлады.
Өрт 7 шілде күні түнгі сағат 23:47-де «Өркен» шағынауданында болған. 20-үйдің жанында тұрған мотоцикл белгісіз себептерден жанып кетті.
"Ява 350 мотоциклі түгелімен жанып кетті. Жалын өрт сөндірушілер келіп жеткеннен кейін үш минут ішінде сөндірілді", - деді Назар Теңелхан.
Айта кетсек, 6 шілде күні күндіз Ақтауда көлік жанып кеткен болатын. Адам шығындары жоқ.
Дереккөз: Lada.kz.