Дүйсенбі, 9 шілде күні Қазақстанның жеті қаласында жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған және Шымкент қалаларында күтіледі. Онымен қоса, Алматы қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануы болжанады.
Еліміздің қалған қалаларында жайлы метеожағдай қалыптасады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.