Қостанай облысының қаржылық бақылау инспекторлары 2015 жылдың шілде айында жалпы сомасы 1,3 млн.теңге бюджеттік қаражаттарды жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz
Қарасу ауданының білім беру бөлімінің «Балапан» бала бақшасының бухгалтері пен меңгерушісінің өздерінің карт-шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылған.
Қазіргі уақытта бақылау іс-шаралары жалғасуда, тексерудің алдын ала қорытындылары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне жолданды.