Алматыда 26 жастағы қыздың денесі арықтан табылды деп жазады ҚазАқпарат.
Бойжеткеннің мәйіті Әл-Фараби, 100 мекенжайындағы ғимараттың жанындағы арықтан табылды.
«1992 жылы туған бойжеткеннің денесінен азаптап өлтіру белгілері байқалмады. Қыздың жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін. Қыздың өлімі нақты неден болғанын сот-медициналық сараптама анықтайды», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қыз жақын арадағы тұрғын үйлердің бірінде пәтер тазалаушы болып жұмыс жасаған.