$ 439.43  473.31  4.82

Қостанай облысында ауруханада ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды

Қостанай облысы Рудный қалалық ауруханасында пышақ жарақатын алған ер адам көз жұмды деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Жарақат алған 28 жастағы жергілікті тұрғын болған.

«Ер адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Аlau.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары