$ 443.35  475.54  4.82

«Сол дәуреннің көзі тірі әншісі жалғыз өзіммін»: Бибігүл Төлегенова жеке концертін берді

Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай 6 шілде күні «Астана» концерт залында КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Бибігүл Төлегенованың жеке концерті өтті.  

Бибігүл Төлегенованың  ойынша, «өз дәуірінде дүрілдеп, сол кезде қазақ опера өнерін бірге биікке көтерген дара һәм қатарлас тұлғалар қалмады», өкінішке орай. «Қазір сол дәуреннің көзі тірі әншісі – жалғыз өзіммін. 2014 жылы мерейтойлық концертімді өткіздім. Ал биылғы кешімді Астананың 20 жылдығына арнаймын», - дейді қазақ ән өнерінің жарық жұлдызы.

Кеш бойы өнерсүйер қауым күміс көмей, жезтаңдай әнші Бибігүл Төлегенованың  бұлбұл даусын естіп, таңғажайып ән мерекесінің куәгерлері болды. Сондай-ақ сахна төрінде Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер байқауының лауреаттары, бүгінде ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Толқын Забирова, Талғат Мұсабаев, Альфия Кәрімова, Азамат Жылтыркөзов, Жұпар Ғабдуллина, Дина Хамзина, Медет Шотабаев, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты – Мәлік Азат сынды жас опера жұлдыздары өнер көрсетті. Концертті Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының Симфониялық оркестрі сүйемелдеді. Көркемдік жетекшісі – Берік Батырханұлы.

Мерекелік шараны Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Мирас» қоғамдық ұлттық мәдениет қоры ұйымдастырды.

Концертте жоғары деңгейде орындалған қазақ музыкасының үздік туындылары сан алуан мәдениеттерді тоғыстырып, қазақ халқының әсемдік пен әуездікке толы жан дүниесін танытып, отандық композиторларды паш етуді көздеген-ді. «Шара Астананың 20 жылдығына орайластырылып, классикалық өнердің рухын көтеріп, елордалықтар мен қала қонақтарының рухани дамуына серпін берді»,- дейді ұйымдастырушылар.  

Қосымша ақпарат үшін мына байланыс нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 701 360 66 63

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары