10.07.2018, 07:14

Тиiнге қарап қалай кемiрiп жеудi үйренсiн деген ғой: Желі қолданушылары жаңа мүсінге "жемқор" деп ат қойды

Өткен демалыста бой көтерген Алматыдағы тиін мүсін айналасындағы дау әлі де басылар емес. Көптің ашынатыны мемлекет қаржысынан бөлінген 23 миллион теңге.

Әнші Меруерт Түсіпбаева "тиіннан басқа қоятын нәрсе таппаған ба?" десе, көпшілік мүсіннің "маңызын" түсінуге тырысты. Жорамалдағандар жаңа туындыға "жемқор" деп айдар тақты. Айтуларынша, мүсін Қазақстанда жайлаған жемқорлықты бейнелейді.

Ақжарқын Байтабынова есімді желі қолданушысы "Тиiнге қарап қалай кемiрiп жеудi үйренсiн деген ғой, халыкты. Жеп үйренсеңдер қор болмайсындар деген мысал ғой деймiн?" десе, Майра Сембаева есімді азамат "Қазақстан жемқорларын бейнелеген ғой" деп пікір қалдырды.

Айта кетейік,тиінді жасауға 23 миллион теңге қаражат жұмсалған. Оның 15 миллионын мемлекет, ал қалған 8 миллионды Funk төлеген. Мүсіннің биіктігі 12 метр. Туындыны салған авторлардың ішінде Оңтүстік Африкадан келген Мариус Янсен Ван Вуурен бар.