10.07.2018, 10:21

Павлодар облысында моторлы қайық қызды сүйреп кетіп, ол бір қолынан айырылып қалды

Павлодар облысында 15 жасар қыз демалыс кезінде қолынан айырылды. Моторлы қайықпен серуендеген жасөспірім бір қолынан айырылып, қазір ауруханада жатыр.

Бұл оқиға жайлы» Instagram-дағы «Типичный Павлодар» парақшасында жазылды деп жазады Stan.kz.

Оқыс оқиға 8 шілдеде Павлодар облысы Качир ауданының Теренкөл ауылында болды. Куәгерлердің айтуынша, 2003 жылы туылған қыз қолын мотролы қайыққа арқанмен байлап серуендеген. Ал, қайық бірден бұрыла қалған кезде ол құлап кеткен. Қолы арқанмен байланған қыз қайықтан құлап кеткенде, ол оны судың бетімен сүйреген.

Демалыс кезінде жарақат алған қыз алғашында аудандық, содан кейін облыстық ауруханаға жеткізілді.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығының хабарлауынша, дәрігерлер жасөспірімнің сол қолын кесіп тастауға мәжбүр болған. Қазір жәбрленуші аурухананың жарақат бөлімінде жатыр.