$ 444.32  473.33  4.76

Оралда көлік бағанаға соғылып, оны өзімен бірге сүйреп әкетті

Жол апаты бүгін сағат таңғы 5.00 шамасында Гагарин көшесінде болған деп жазады «Мой город».

Куәгерлердің айтуынша, «Мазда» маркалы автокөлік қарама-қарсы бетке шығып кетіп, алдында тұрған бағанаға соғылған. Қатты соққыдан құлаған бағана көліктер жүретін жолға дейін сүйретіліп барған.  

Сол маңдағы дүкен саудагерлері өздерінің қатты дыбыс естігендерін айтты.

Ал көлік жүргізушісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары