$ 494.87  520.65  4.91

Баянауылда таудан құлаған 9 жасар бала есін жиды

Туристік демалыс кезінде бас ми жарақатын алған ұл бала есін жиды, деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева айтты.  

«Бала есін жиды. Дәрігерлердің сұрақтарына ыммен жауап береді. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде жатыр. Тиісті ем шараларын қабылдауда», – - деді баспасөз хатшысы.   

Еске сала кетейік, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен бір шақырым жерде тоғыз жасар бала құлап жарақат алған.  Омыртқасын зақымдаған және бас ми жарақатын алған жеткіншек санавиация арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, екі тәулік бойы комада жатқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары