Әлеуметтік желілерде елордалық жағажайлардың бірінде талтайып жатқан қыздың суреті жарияланды. Бойжеткеннің ерсі қылығы көптің ашуына тиюде.
Суретте жартылай жалаңаш қыз бала екі аяғын көтеріп, иығына асып қойған. Желі қолданушылары оның бұл қылығы әйел адамға жараспайтынын айтып жатыр.
«Қазақ па? Масқара ғой, ұят емес пе!», «Кішкентай қыз өтіп бара жатыр. Ол бала не ойлайды? Көрсеткен үлгісі осы ма? Әбден бетімен кеткен бұлар», - деп оны сөккендер көп.
Десе де, жағажайдағы жанды ақтағандар да табылды. Олар мұнда тұрған ешқандай ұятты нәрсе жоқ деген пікірде.
Айта кетейік, бойжеткен хореограф боп шықты. Бұл суретке ол былтыр түскен екен.