$ 498.34  519.72  4.85

Кісі өліміне байланысты жалған ақпарат таратқан қыздар тергеуге алынды

Шымкент қаласындағы түнгі клубта орын алған кісі өліміне байланысты жалған ақпараттарды таратқан екі қыз ұсталып, тергеу үстінде деп хабарлайды Baq.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге салайық, 19 шілде күні Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде жаппай төбелес орын алып, салдарынан 1 адам көз жұмған болатын. Қастандық жасаған адамды қолға түскен Екеуі де 1994 жылы туған азаматтар. Сондай-ақ, осы төбелеске қатысқан тағы 5 адам да қазір қамауда.

1986 және 1989 жылы туған шымкенттік тұрғындар жалған ақпарат таратқанын мойындап отыр. Олардың үстінен ҚР ҚК 274 бабы 2 тармағының 3 тармақшасы бойынша (Жалған ақпарат тарату) қылмыстық іс қозғалды. Қыздар 5 000 АЕК айыппұл төлеуі немесе 5 жылға бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары