Қостанайда найзағай тоғы салдарынан оқушы қаза болды деп жазады ҚазАқпарат.
Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға кеше Қостанай ауданында болған.
«10 шілде күні сағат 20:50-де Қостанай ауданындағы Рыспай ауылында 2010 жылы туған қыз күркіреу разряды нәтижесінде мерт боды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Оқиға орнына Қостанай аудандық орталық ауруханасының 3 қызметкері жұмылдырылды.