$ 494.87  520.65  4.91

Екі қызды құтқарып, өзі суға кеткен қостанайлықтың әйелі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Қостанай тұрғыны суға батып бара жатқан екі қызды құтқарып қалғанымен, өзі әйелі мен балаларының көз алдында мерт болды.

"Костанайские Новости" тілшісі марқұмның екі баламен жесір қалған әйелінің жағдайын білу үшін үйіне барып қайтты. Үлкен ұлы он үш, ал кішісі үш жаста екен.

"Сол күні Саша демалыс алған еді. Ол көп уақыттан бері демалмаған болатын. «Отбасыммен енді қашан бірге боламын?» деген соң өзенге демалып қайтуды ұйғардық. Оның алдында үлкен ұлымыз да суға барғысы келетінін айтқан», — дейді марқұмның зайыбы Анжелика.

Сол күні ол жерде демалушылар көп болыпты. Ешкім мұндай қайғылы оқиға орын алатынын білмеген. Бір уақытта қыздардың көмекке шақырып айғайлаған дауыстары шыққан.  Сөйтсе, 13 жастағы және 26-30 жас шамасындағы екі қыздың суға батып жатқанын көрген. Александр бұл кезде үш жасар ұлымен отырған екен. Ойланбастан көмекке ұмтылыпты. Ол өте жақсы жүзетін болған.

«Сол уақытта мен балалармен айналып қалдым. Не болып жатқанына еш назар аудармадым. Ол жерде ер адамдар көп болды, бірақ ішінде көмекке менің күйеуім жүгірді. Кейін белгілі болғандай, кейбіреулері сол сәтті видеоға түсіріп тұрыпты. Қыздар шынында да өте ұзаққа жүзіп кеткен екен. Ол судың астынан қыздарды жағаға қарай итеріп шығарды. Ал өзі болса, судың түбіне батып кетті», — дейді Анжелика Капарчук.

Александрдың арқасында өлімнен аман қалған қыздар жерлеу рәсіміне келген. Алайда Анжелика олардан неге алысқа жүзгендерін сұрамапты. Өйткені күйеуі қанша батыр болса да, өлген адамның қайтып оралмайтыны белгілі дейді...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары