Алматыда дауға айналған алып тиін «сатуға» шығарылды. Әзілқойлардың бірі өз меншігінде емес мүлікті 25 миллионға бағалаған.
Сату сайттарының біріне автор «12 метрлік тиінді сатамын» деген тақырыппен «Атакент» сауда-көрме орталығының алдындағы тиіннің суретін жүктеп қойыпты.
Айта кетейік, Өткен демалыста ғана небәрі 2 күн ішінде Алматының қақ ортасында тиін мүсіні орнатылып, қоғамның кең талқысын туғызған болатын. Жұртты ашуландырғаны - алып мүсіннің бағасы, қарапайым сабаннан жасалған нысанға 23 миллион теңге жұмсалыпты. Оның 15 миллионын мемлекет, ал қалған 8 миллионды Funk төлеген. Мүсіннің биіктігі 12 метр. Туындының авторы Оңтүстік Африкадан келген Мариус Янсен Ван Вуурен.