12.07.2018, 04:21

Алматыда жол апатынан мотоциклші көз жұмды

Мотоцикл жүргізушінің шлемі қатты соққыдан бірнеше бөлікке бөлініп қалды, ер адам сол жерде көз жұмды деп жазады Sputniknews.kz

Алматыда Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota RAV4 Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатқан. Шетел көлігінің жүргізушісі Емцов көшесінде солға қарай бұрылған. Осы кезде шығыс бағытта Honda маркалы мотоцикл келіп қалған. Неге екені белгісіз, мотоцикл жүргізуші бағдаршамның қызыл түсін елемей, бар жылдамдықпен Toyota көлігіне соғылған. Осыдан кейін мотоцикл жаяу жолға ыршып түскен, оның жүргізушісі жиектасқа баспен құлап, қатты соққыдан оның шлемі бірнеше бөлікке бөлініп қалды. Мотоцикл шамамен 30 метрге ұшып түскен. Апат салдарынан 28 жастағы мотоцикл жүргізуші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.