$ 441.58  480  4.86

Алла Пугачева Максим Галкинмен бөлек бөлмеде жататынын мойындады

Ресей эстрадасының примадоннасы Алла Пугачева күйеуі Максим Галкинмен екі бөлек бөлмеде жататындарын және бұрыннан осылай жалғасып келе жатқанын мойындады деп жазады Stan.kz.

«Үйімізде балаларымыз Гарик пен Лизаның өз бөлмесі бар. Сонымен қатар кішігірім сахна, қонақтарға арналған бөлме де бар. Күйеуім екеуіміз бұрыннан бері бөлек бөлмеде ұйықтаймыз. Сондықтан әрқайсымыздың бөлек бөлмеміз бар», – дейді Пугачева.

Сонымен қатар әнші өзінің опа-далапсыз түріне қатысты желіде түрлі сындар, жағымсыз пікірлер жиі айтылатынын мойындады. Алайда Пугачеваның мұндай пікір қалдырушыларға берер жауабы дайын.

«Мен жас емеспін. Ол рас. Кәрілікке қарсы ештеңе жасай алмайсың. Бүгінде мен жан-дүниемнің жас екенін де айта алмаймын», – дейді Алла Пугачева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары