Шелек ауылындағы аудандық аурухана директоры Жақып Желеуов қызметінен кетті деп хабарлады Алматы облысы әкімі орынбасары Жақсылық Омар.
Жұмыстан шығару туралы бұйрыққа бүгін таңертең қол қойылды.
«Шелектегі аудандық аурухананың директоры Желеуов Жақып Нұрдәулетов өз қалауымен жұмыстан шығу туралы арыз жазды. Арызы қанағаттандырылды», - деп хабарлады Жақсылық Омар.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысы Шелек ауылында болған төтенше жағдайдан екі сантехник пен медициналық қызметкердің қайтыс болғаны хабарланған еді.
Төтенше жағдай дүйсенбіде, 2 шілдеде түстен кейінгі уақытта Орталық аудандық аурухананың маңында болған. Жұмысшылар кәріз құдығын тексеріп жатып, газға тұншығып қалған.
Дереккөз: Tengrinews.kz