Қазір билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Қытайдың оңтүстік-батысында Сычуань провинциясындағы өнеркәсіптік саябақта жойқын жарылыс болды деп хабарлайды РИА Новости басылымы.
Оқиға 12 шілде күні жергілікті уақыт бойынша 18.30-да (16.30 аст) болған.
БАҚ мәліметіне сүйенсек, 19 адам қаза тауып, тағы 12 адам зардап шекті. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жүр, оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Дереккөз: Sputniknews.kz