$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда бірнеше жеке үй өртеніп кетті

Алматыда бірнеше жеке үй өртенді деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы.

Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде өрт шықты. Куәгерлердің айтуынша, басында моншадан өрт шыққан, ары қарай өрт жанында тұрған үйлерге көшкен. Бағдарламаның мәліметінше, өрт салдарынан төрт үй бүлінген.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі өрт туралы мәліметті растады. Өрт аумағы - 290 шаршы метр. Өрт 12:50-де толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

40 өрт сөндіруші маман мен 11 арнайы техника жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары