Бірдей үш қызды қағып кеткен көлік жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған. Бұл жайында alau.kz редакциясына олардың туысы Татьяна айтып берді.
Жол апаты 13 маусым күні болған. Қыздарды көлік жолдың жолақ сызығынан өтіп бара жатқан тұсында қағып кетіпті.
"Оқиға Рудненская мен Ленинградская көшелерінің қиылысында болған. Олар жолдың арғы бетіне өтпек болыпты. Барлық көліктер тоқтап, қыздарға жол берген. Алайда, жүйткіп келе жатқан ақ көлік тоқтап үлгермепті. Жолақтан өтіп бара жатқан үшеуін қағып кеткен. Қыздар көліктің соққысынан жан-жаққа ұшып кетіпті. Ортадағы 13 жастағы сіңілім ауыр жарақат алды. Қазір ол ауруханада жатыр. Ал қалған екеуі жеңіл жарақаттанған", - дейді Татьяна.
Оның айтуынша, көлік жүргізушісі тоқтап, қыздарға көмектеспекші болған екен. Алайда, олар шошынып қалса керек, орындарында қозғалмай бақыра берген. Содан көлік жүргізушісі кетіп қалыпты. Қыздар жақын маңдағы полиция бөлімшесіне өздері келген. Сол жерден ауруханаға жедел жәрдем шақыртыпты.
Қыздардың туыстары егер сол оқиғаны көргендер болса, жол апатына кінәлі көлік жүргізушісін табуға көмектесулерін сұрайды.