2017 жылы Қытайда дүниеге 17,58 млн бала келген. Аталмыш ақпаратты Денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитет жариялады деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Комитетте мәлім еткендей, жаңа туған нәрестелердің 51 пайызы ата-аналарының тұңғышы болмаған.
Қытай билігі халықтың қартаю мәселесін шешу үшін 2016 жылы барлық ерлі-зайыптыларға дүниеге екі бала әкелуге рұқсат берген. Осы арқылы елдің ұзақ жылдар бойы сақтанып келген «бір отбасыға - бір бала» саясатына шектеу қойды.
Дереккөз: ҚазАқпарат