16.07.2018, 03:09

Көкшетауда 8 жастағы оқушы уланып қайтыс болды

13 шілдеде Ақмола облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде 8 жастағы бала қайтыс болды. Ол ауруханаға уланды деген диагнозбен жеткізілген. Осы дерекке қатысты Ақмола облыстық ІІД органы тергеу шараларын бастады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Пинчук кәмелет жасына толмаған баланың өліміне қатысты сараптама тағайындалғаны және тексеру жүргізіліп жатқанын айтты. 8 жастағы бала түсініксіз улану диагнозымен түскен. Ол 13 шілдеде қайтыс болды. Облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий мен Ақмола облыстық балалар ауруханасының бас дәрігердің орынбасары Елена Иванова баланың ауруханаға түскенін және қайтыс болғанын растады.

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша мәлімет береміз", - деді Иванова.