Рудныйда ата-анасының қарауынсыз қалған 4 жасар бала терезеден құлап кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқыс оқиға 15 шілде күні Рудный қаласында болған.
«Сағат 17:30-дар шамасында Марите көшесінде көпқабатты үйлердің бірінде 2014 жылы туған бала 5-қабаттан құлап кетті. Бала ата-анасының қарауынсыз қалған», - делінген облыстық ТЖД баспасөз хабарламасында.
Бала түрлі жарақатарымен Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді.