$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте айып автотұрағында шыққан өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды

Шымкент қаласының айып автотұрағында шыққан өрт оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Яғни, аталған оқиғадан кейін ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру факті) іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалған.

Ал, өрт шарпыған 45 көліктің құнын қалалық айыппұл тұрағы әкімшілігі төлейтін болды. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.

Еске салсақ, 15 шілде күні Шымкентте айып тұрағына қойылған 45 автокөлік өртеніп кеткен болатын. Түнгі сағат 01.14-те басталған өрт 03.05-те толықтай сөндірілген еді.

Тілсіз жаумен күреске 76 өрт сөндіру және 17 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары