$ 498.34  519.72  4.85

Цифрландыру бизнестің дамуына оң әсерін беруде – Д.Абаев

Елімізде цифрландырудың аясында бизнес дамып, көптеген сервистер мен мүмкіндіктерге жол ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкіметтің кезекті отырысында айтты.

«Цифрландыру арқылы ішкі және халықаралық бәсекелестікке қабілет артты. Мысалы, медициналық саланың өзінде 22  медициналық ақпараттық жүйе бар. Ал, білім беру саласында 16 мердігер өзара бәсекелесіп, ел тұрғындарына көптеген сервистер мен мүмкіндіктерге жол ашатын шешімдерді ай сайын ұсынып отыр. Бұл жерде айта кету керек, еліміздің осы саласында бизнестің дамуына цифрландыру бағдарламасы өз әсерін беріп жатыр», - деді Д. Абаев.

Бағдарламаны қамтамасыз етуге отандық өндірушілер өңірлерді цифрландыруға белсенді түрде қатысып отыр. Өткен жылдың аясында 2018 жылы іске асырылатын жобаларды қамтитын жылдам жеңіл карточкалары әзірленген болатын.

Сондай-ақ, министр аймақтардағы цифрландыру жұмыстарына тоқталып, нәтижелерін тілге тиек етті. Яғни, еліміздегі білім ошақтарының басым бөлігі интернетпен қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қызмет оңтайландырылған екен.

«Статистикадан көріп отырғанымыздай, барлық аймақтарда цифрландыру басталды. Жалпы жылдам жеңіс шеңберінде жүзеге асыратын 38 жоба бойынша осы жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыс қорытындысының алғашқы нәтижелері бар. Мысалы, мектептердің 87 пайызы интернетке қолжетімді. Қалалық және ауылдық білім алшақтығы шамамен 30 процентке азайды. Мемлекеттік қызметтер оңтайландырылды және автоматтандырылды», - деді ол.

Оның айтуынша, денсаулық паспорты электрондық нұсқаға ауысып, қағазбастылықтың жойылуының нәтижесінде қауіпсіздік артқан.

«Электрондық медициналық карта қолдану және қағаз нұсқасынан бас тарту аясында медициналық карталарды жоғалту фактілері толық жойылды. Аймақтарды цифрландыру аясында жергілікті атқарушы органдар  мен жұртшылық арасында әртүрлі коммуникацияларды қамтамасыз ететін 20-дан астам мобильді қосымшалар әзірленді. Жол жүру ақысын төлеуді айқын процесін жасау арқылы қоғамдық көлікті қолдану саны 20 процентке артты», - деп атап өтті Абаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары