17.07.2018, 10:12

Таразда өзенге батып кеткен 8 жастағы бала табылмай жатыр

Таразда Талас өзеніне батып кеткен 8 жастағы балаға іздеу жарияланды деп жазады NewTimes.kz.

Қайғылы жағдай 16 шілде күні болған. Отбасылық демалыста жүрген олар күтпеген жерден балаларынан айрылып қалып отыр.

Төтеншеліктер болса, ата-ананың баланы қараусыз қалдырғанын әрі оның шомылуға болмайтын жерде суға түскенін алға тартып отыр.

Баланың бойы шамамен 110-115 сантиметр, бір көзінде тыртық бар, шашы қара.

Тегтер: Тараз өлім