19.07.2018, 03:03

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, мұнай бағасы қымбаттады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда қорытындысы бойынша, қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны Лондонның ICE Futures биржасында 0,74 долларға өсіп, баррелі 72,9 долларды құрады.

WTI маркілі мұнай фьючерстерінің құны тамыз айындағы жеткізілім бойынша, Нью-Йорктің тауар биржасында (NYMEX) 0,68 долларға өсіп, барреліне 68,76 доллар болды.

Тегтер: мұнай баға