Құрбанын 52 жерінен пышақтап өлтірген азамат кінәсіз деп табылып, сот залынан босап шықты деп жазады Мой город.
2017 жылдың қараша айында Атырау облысындағы шағын кафеде отырған 39 жастағы азаматқа белгісіз адам қару ала жүгіріп, 52 жерінен пышақтап тастайды.
Оны оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері тоқтатқан. Ал 39 жастағы азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырады.
Тергеу барысында 27 жастағы азаматтың «Недифференцированная шизофрения» дертімен ауыратыны белгілі болған.
Жантүршігерлік қылмысты жасаған 27 жастағы сот шешімімен Алматы облысындағы республикалық психиатриялық ауруханаға жатқызылмақ.
Дереккөз: Nur.kz