$ 443.37  474.49  4.83

«Пупкина Залупкина»: заңгерді мазақ қылған алматылық үш прокурор қызметінен босатылды

Қорғаушы Айман Омарованың шағым хатына мазақпен жауап берген Алматының үш прокуроры қызметінен босатылды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Алматы қалалық прокуратурасы қорғаушы А.М.Омарованың шағымына жазылған жауапқа қатысты қызметтік тексеріс жүргізді. Қала прокурорының бұйрығымен үш қызметкер, олардың бірі Бостандық ауданы прокурорының міндетін атқарушы қызметтерінен босатылды", - делінген аталған хабарламада.

Сондай-ақ, Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев заңгер әйелге кешірім хатын да жолдап үлгерген. "А.М.Омарованың шағымы қаралды және оның сұранымы қанағаттандырылды. Қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім күшін жойды", - дейді прокуратура өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін заңгер Айман Омарова Бостандық ауданы прокурорына жазған шағымына келген жауапта прокурорлар оны мазақ қылғанын мәлімдеген болатын. Электронды үкімет порталынан келген хатта Бостандық ауданының прокурорлары Айман Омарованы "Пупкина Залупкина" деп атаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары