60 мың теңгенің айнасы үшін қапияда көз жұмған қазақстандық спортшы Денис Теннің қазасы күллі қазақ даласын есенгіретіп тастағаны анық. Ауыр қайғыдан ес жия алмай қалған көпшілік 2-3 күн мерекелік шараларға бармайтын болды.
«Құрметті қонақтар (20, 21, 22 шілде) жұма, сенбі және жексенбі күндері «MEGA» сауда-ойын-сауық орталығының бүкіл желісінде жоспарланған барлық ойын-сауық іс-шаралары тоқтатылады», – делінген компания әкімшілігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасындағы хабарланалдыруда.
Сондай-ақ Алматыдағы Esentai Mall әкімшілігі де 21 шілде күні өтуі тиіс шараны кейінге шегерді.
«Денис Теннің туыстары мен достарына, сондай-ақ оның өнерін сүйетін әлемдік жанкүйерлеріне шын көңілден көңіл айтамыз. Біз бәріміз бірге қайғырып жатырмыз. Ел басына төнген қайғылы жағдайға байланысты Esentai Mall әкімшілігі 21 шілдеде Esentai Music Festival аясында өтілуі тиіс концертті тоқтатады», – деп жазды Esentai Mall әкімшілігі желілердегі ресми парақшаларында.
Айта кетейік, 19 шілде күні қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Алматының қақ ортасында ұрылар пышақтап кеткен. Спортшы көп қан жоғалтып, ауруханада қайтыс болды.