$ 494.87  520.65  4.91

Оралда бас дәрігер 45 жастағы әйелді көлігімен басып кетті (ВИДЕО)

Оралда 20 шілдеде аурухананың бас дәрігері 45 жастағы әйелді қағып кетті деп хабарлайды «Мой ГОРОД».

Оқиға Жәңгір хан атындағы көшеде болған. Nissan автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.
«Біз ауылға үйлену тойына бара жатқанбыз. Дүкеннен жейде сатып алайық деп осында тоқтадық», - дейді зардап шеккен әйелдің туысы.

Көлік тізгінінде болған Теректі аудандық ауруханасының бас дәрігерінің айтуынша, әйел бағдаршамның қызыл жанып тұрғанына қарамай, жолдан өткен. Жүргізуші алдыңғы дөңгелегімен әйелді мыжып барып тоқтаған. Көлік астында қалған зардап шегушіні куәгерлер шығарып алған

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары