#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Денис Тенді өлтіргендерді мадақтаған БҚО мұғалімі сотталғалы жатыр

Ауылдық мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін ер адам әлеуметтік желі арқылы Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерді мадақтап, ұлтаралық қақтығыстың тууына себепші болды. Бір қытай үшін зарламаңдар деп, кеше ғана жер қойнына тапсырылған спортшыны өлтіргендердің сөзін сөйлеп, олардың әрекетін қолдаған жігіт енді жазаға тартылмақ деп жазады Stan.kz.

Кейінен Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерді мадақтаған азаматтың өз айыбын түсініп, барша жұртшылықтан кешірім сұраған видеосы Арай Әлімхан есімді журналистің парақшасында жарияланды.

Батыс Қазақстан облысының тумасы бұған дейін «Бұндайларды күшік кезінде атып тастау керек. Бір қытай үшін зарламаңдар. Жерің мен қыздарыңды жаулап алғанда зарлап жыларсыңдар», -деп жазған әлеуметтік желіде.

Отандасымыздың осы сөзі желіде тарағалы қоғам арасында үлкен дау туды. Желі оқырмандары қылмыскерлерді мадақтап, ұлтаралық шиеленістің тууына себеп жасаған ер адамның әрекетіне қатты ашуланды. Бүгінде осы дауға себепші болған азаматтың аты-жөні белгілі болды. Ол Батыс Қазақстан облысының ауылында мұғалім болып жұмыс істейтін көрінеді. Алайда, желі арқылы қылмыскерлерді мадақтаған мұғалім айыбын түсініп, қазақстандықтар мен кеше ғана жер қойнына тапсырылған спортшының жақындарынан кешірім сұрады.

«Менің әлеуметтік желіде Денис Тенге қатысты жазғаным ақымақтық болды. Чемпионымызды жер қойнына тапсырған Денистің ата-анасынан және қабырғасы қайысқан бүкіл қазақ жұртынан кешірім сұраймын. Өтінемін, қатемді кешіріңіздер»,- деп кешірім сұрады мұғалім.

Алайда, процедуралық шаралар нәтижесінде әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни қақтығыстарды тудыру заңына сәйкес шешім қабылданып, айыпталушы жауапқа тартылады. Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерді мадақдап, қолпаштаған азамат екi жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары