Жаңалықтар 25.07.2018 сағат 03:24

18 жастағы қостанайлық қыздың өлімі: Қылмысқа немқұрайлы қараған екі полицей қамауға алынды

Дарья Махартова қаза тапқан күні полицияға қоңырау шалып, шақырту кезінде дұрыс жауап қатпаған Қостанайдың екі полицейі тұтқынға алынды. Қостанай облысы ІІД аталмыш фактіні растады және осыған орай түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жергілікті полиция қызметінің старшинасы және аға сержанты ұсталып, уақытша тергеу оқшаулағышына қамалған.

«20 шілдеде 22 :16-да қаланың Ішкі істер басқармасының Жедел басқару орталығының «102» операторынан Қостанай-Затобол жолында белгісіз ер адамның әйелге зорлық көрсетіп жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген полицейлер жолға жақын ағаш отырғызылған аумақты жіті қарамаған. Кейін белгілі болғандай, зардап шеккен қыздың денесі дәл сол маңда жатқан. Осылайша, ІІД-нің Жеке қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерлерінің міндеттерін орындау кезінде немқұрайлық танытқанын анықтап отыр», - деді ІІД өкілі.

Ішкі істер департаменті Жеке қауіпсіздік басқармасының тергеушісі полицейлерді қамауға алу туралы өтініш білдірген соң сот қолдау көрсетті.

Полицейлердің ісіне қатысты ҚР ҚК 371-бабы («Немқұрайлылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 18 жастағы Дарья Махартова 20 шілде күні сағат 22.00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылы тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Кейінірек полицейлер күдіктінің фотороботын жасап шығарды.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар