25.07.2018, 09:17

Нью-Йорктегі қазақ полицей америкалық бойжеткенге үйленді (ВИДЕО)

Нью-Йорктегі қазақ полицей америкалық бойжеткенге үйленді. Бұл туралы Димаш Ниязов Insatagram-парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін сондай керемет күн болды. Сезімдерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі бұл күн өмірімдегі ең жақсы күндердің бірі болды. Мен өзімнің ең жақын досыммен отбасын құрдым. Құдайдан осы күні ауа райы ашық болуын тіледім. Өйткені 3 күн бойы жаңбыр жауды. Дәл менің тойым болатын күні сап тыйылды. Дәл осы қуанышта жанымда боп, мені қолдаған достарым мен отбасыма алғыс айтамын!» - деп жазды Ниязов.

Айта кетейік, Димаш Ниязов Америкада «Нью-Йорктің ең үздік полиция қызметкері» деген марапатқа ие болғаннан кейін Қазақстанда танымал бола бастады. Тіпті, Нұрлан Қоянбаевпен «Бизнес по-казаxски в Америке» фильміне де түсті.

Қазіргі таңда ол кәсіби боксшы ретінде де танылып келеді.