25.07.2018, 10:22

Павлодарда әйел 11 қабаттан құлап мерт болды

Павлодар қаласында әйел адам 11-қабаттан құлады деп жазады pavlodarnews.kz.

Қайғылы жағдайдың орын алғаны туралы ақпаратты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі растады.

«2018 жылдың 24-шілдесінде шамамен сағат кешкі бестің кезінде Тәуелсіздік көшесінде 11-ші қабаттан құлаған әйел адамның денесі табылды. Оқиға бойынша 105 баппен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Медициналық сараптама тағайындалды», - деді ІІД баспасөз қызметінде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының мәліметінше, мерт болған әйелдің жасы шамамен 50-де.

«Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері әйелдің сол жерде жан тапсырғанын айтты. Ол өмірмен сәйкес келмейтін ауыр жарақаттар алған», - деді баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Еске сала кетейік, 11 маусым күні дәл осы үйдің 14-ші қабатынан 31 жастағы ер адам секіріп, көз жұмған.