Жандосов және Манас көшелерінің қилысында жол апаты болды деп жазады Sputniknews.kz.
Олардың мәліметінше, 18-ші автобус Сәтпаев көшесімен келе жатып Манас көшесіне бұрылмақ болады, сол сәтте шығыс бағытта Toyota Corolla келе жатыпты. Автобус көлікті өткізіп жібермей, бұрыла бастағанда, жол апаты болған. Қатты соққыдан жеңіл көліктің сол жақ жартысы мыжылып қалған. Екі жүргізуші де бағдаршамның жасыл жарығына өтпек болғанын алға тартады.
Жол апатынан екі адам зардап шекті: Toyota Corolla жүргізушісі мен жолаушысы. Екеуі де жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Жүргізуші аса ауыр хәлде жатыр.