$ 443.37  474.49  4.83

Павлодарда 10-қабаттан ер адам құлап, көз жұмды

Павлодар қаласында көп қабатты үйдің 10-қабатынан 38 жастағы ер адам құлап, мерт болды деп жазады pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Толстой көшесінде орын алған.

«Бүгін шамамен сағат 14.00-де оныншы қабаттан 1980 жылы туған ер адам құлап түскен. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, 24-шілде күні шамамен сағат кешкі бестің кезінде Тәуелсіздік көшесінде 11-қабаттан құлаған әйел адамның денесі табылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының мәліметінше, мерт болған әйелдің жасы шамамен 50-де.  Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері әйелдің сол жерде жан тапсырғанын айтты. Ол өмірмен сәйкес келмейтін ауыр жарақаттар алған.  

Бұдан басқа, 11 маусым күні дәл осы үйдің 14-қабатынан 31 жастағы ер адам секіріп, көз жұмған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары