$ 498.34  519.72  4.85

Дәрігерлер Қызылордада зорланған 9 жасар қыздың жағдайы қалыпты екенін айтты

Қызылорда облысында қызын зорлап, анасын өлтірген қаскөйлер тұрғындардың зәресін алды. Белгісіз біреулер 9 жасар қыз бен анасы тұрып жатқан үйге басып кіріп, зорлық-зомбылық көрсеткен. 3-сынып оқушысын зорлаған қаныпезерлер оны қорғамақ болған анасын аяусыз соққыға жыққан.

Дәрігерлер қыздың жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Бала бізге келіп түскен кезде жағдайы орташа ауыр еді. Гинеколог дәрігерлермен кеңесе отырып, оған ота жасадық. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ”, – деді шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі Әлімжан Төлегенов.

Ал қыздың анасы алған жарақат салдарынан қайтыс болды. Трагедия осыдан екі апта бұрын болғанымен, бұл туралы ақпарат тек күні кеше пайда болды.

БАҚ-та пайда болған мәліметке сүйенсек, жантүршіктірерлік оқиға Қызылордадан 30 шақырым жердегі елді-мекенде болған. Үйде әйел мен оның 9 жасар қызынан басқа ешкім болмаған. Отағасы болса ақша табуға өзге аймаққа кеткен. Зорлық жасаған үшеудің тек біреуі ұсталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары