$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбе облысында жеткіншек 7 жасар баланы зорлаған

Ақтөбе облысы, Жилянка ауылының 16 жастағы тұрғыны 7 жасар баланы зорлаған деп жазады "Ақтөбе Таймс".

Автор бұл оқиға жайлы әлеуметтік желіге жариялаған. Ол жерде жеткіншектің 7 жасар баланы зорлағаны және соған қатысты құқық қорғау органдарының қол қусырып отырғаны айтылады.

"Бұл жағдайда не істеуге болады? Көмектессеңіздер екен деймін. Біздің полиция ештеңе істемейді. Жилянка ауылында 7 жасар баланы зорлап кетті. Мұны істеген 16 жастағы жеткіншек. Полиция оқиға болғаннан кейін үшінші күні ғана сараптама жасады. Алайда, мен оларға бұл жағдайды сол күні хабарлағанмын. Олар өздеріне куәгерлер керек екенін алға тартты. Жасалған сараптамаға көз жүгірткен де жоқ. Баланың ата-анасына да ешқандай жауап бермеді. Зорланған баламен психолог та жұмыс істемеді", - деп автор желіге жазады.

Тұрғындар кінәлі азамат жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Алайда құқық қорғау органдары бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқандарын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары