18 жастағы Раушан Жармұхаметова 19 мамыр күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Сол күні ол ШҚО-дағы Красина ауылынан "Өзен вокзалы" ауданына қарай бет алған екен.
Раушанды туыстары мен еріктілер және полиция 2 айдан астам уақыт іздеді. Енді оның мәйіті қала сыртында Ертіс өзенінен табылғаны туралы ақпарат пайда болды. Марқұмның ағасы Самат Жармұхаметов бұл ақпаратты растап отыр.
Анықталғандай, бойжеткеннің денесі 27 шілде күні табылыпты. Ол биыл мектепті бітіріп, ҰБТ-ға дайындалып жатқан уақытта жоғалған болатын. Қазіргі таңда өлімнің себебі анықталып жатыр.