29.07.2018, 10:23

Ақмола облысында ер адам балық аулап жүріп сурға батып кетті

Ақмола облысында балық аулап жүріп суға батып кеткен 27 жастағы ер адамның өлі денесі табылды. Тағы 3 балықшы іздестіріліп жатыр деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оқиға Шортандыдағы Мықтыкөл ауылында болған. «28 шілде күні сағат 14:30-да құтқарушылар 1991 жылғы жігіттің өлі денесін шығарды. Ол балық аулып жүріп суға батып кеткен», - деп төтеншеліктер.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда тағы 3 ер адам іздестіріліп жатыр. «Күршім ауданындағы Зайсан өзеніне балық аулауға кеткен 1970 және 1975 жылғы 2 ер адам іздестіріліп жатыр. Одан басқа Сарыкөлде 1981 жылғы жігіт 21 шілде күні балық аулап жүрген суға батып кетті», - ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Дереккөз: NewTimes.kz.