$ 443.85  474.3  4.8

Америкалықтар «Анаға апарар жол» фильмін тамашалады

АҚШ астанасы Вашингтонда «Анаға апарар жол» тарихи драмасының гала-көрсетілімі өтті деп жазады 24.kz

Шара аясында Ақ үй мен жергілікті сауда палатасының өкілдері және дипломаттардың қатысуымен Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдау ұйымдастырылды. Келушілер мұнда фотокөрмені тамашалады.

Айта кетейік, фильмнің көрсетіліміне басты рөлдерді сомдаушы Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек және продюсер Светлана Коротенко да қатысты. Бұл шара АҚШ көрермендерінің қазақстандық кино туындыларына деген қызығушылығын арттыруды көздейді. «Сондықтан көрсетілім қос мемлекеттің арасындағы мәдени байланысты дамытуға септігін тигізеді», – деді қатысушылар.

Айта кетейік, «Анаға апарар жол» фильмі қиын-қыстау кезеңдегі ана мен бала арасындағы махаббатты баяндайды. Көрерменін тебіренткен бұл туынды елдің ықыласына бөленіп те үлгерген. Әлия Назарбаева мен Ақан Сатаевтың кино картинасы халықаралық деңгейде де жоғары бағалануы заңдылық.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында ол Нью-Йоркте өткен «WeLink» фестивалінде «Үздік көркем фильм» атанды. Сонымен қатар Испания, Ресей, Хорватия сынды елдерде мәртебелі марапаттарға лайық деп танылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары