$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда 18 жастағы қызды қинап өлтірген күдікті ұсталды

Қостанайда 18 жастағы Дарья Махартованың өліміне күдікті ұсталды деп хабарлайды жергілікті ІІД.

«Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында Қостанай облыстық ІІД қызметкерлері 18 жастағы Зотобол кентінің тұрғыны Дарья Махартованы өлтірді деген күдікпен 26 жастағы жігіт ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс бойынша алынған дәйектермен, соның ішінде тағайындалған сараптама жиынтығымен дәлелденіп отыр», - деп хабарлады ІІД.

Қазіргі таңда күдікті тұтқындалды. Қосымша ақпарат жария етілген жоқ.

Еске сала кетсек, 18 жастағы Дарья Махартова 20 шілде күні сағат 22:00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылы тұрғынының мәйітіі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, полицейлер күдіктінің фотороботын жасап шығарды. Сондай-ақ бойжеткен қаза тапқан күні полицияға қоңырау шалып, шақырту кезінде дұрыс жауап қатпаған Қостанайдың екі полицейі тұтқынға алынды.

Дереккөз: 24.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары