$ 439.43  473.31  4.82

Қырғызстанда таудан көшкен тас Қазақстан азаматын басып мерт қылды

Қырғызстанда тасқұламаның салдарынан қазақстандық төрт турист зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Қырғыз Республикасының аумағында Бішкектен 40 шақырым жерде орналасқан Скрябина мұздығында бір топ турист тасқұламаның астында қалды. Зардап шеккендердің арасында Қазақстанның төрт азаматы бар. Алдын ала болжам бойынша, бір адам қаза тапқан және ол қазақстандық болып шықты. Біз оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұл іске ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері де кірісті.

"Қазақстанның зардап шеккен туристерін эвакуациялау үшін тікұшақ жіберу мәселесі қарастырылып жатыр, олардың арасында РФ азаматтары да бар", - деді СІМ өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары