$ 443.37  474.49  4.83

Маңғыстау облысында автокөлік жануармен соқтығысып, салдарынан екі адам мерт болды

Жаңаөзен тас жолында 30 шілде күні таңғы уақытта жол апаты болды деп жазады Мой город.

Куәгерлердің айтуынша, жолда келе жатқан Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігі жануармен соқтығысып қалыпты. Соның салдарынан көлік аударылып, ішіндегі екі адамның бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауруханада жан тыпсырыпты.

«Ер адам жол апатынан алған жарақатынан есін жимастан көз жұмды», – деді Жаңаөзен қалалық орталық аурухананың дәрігерлері.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары