31.07.2018, 08:30

«Зардап шегушілер жоқ»: Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Жамбыл облысының Мойынты-Шығанақ учаскесінде пойыз апаты болды деп жазады Stan.kz.

«ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 31 шілде күні Жамбыл облысының Қашқантеңіз-Жастар өткелінде жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Оған себеп 28-вагонының бүйір рамасы сынып кетуі себеп болды.

Вагондар 2009 жылы «Азовэлектросталь» ААҚ-да шыққан.

Зардап шегушілер жоқ. Апатқа байланысты 5 пойыз кешігіп жатыр. Шығынның бәрін жүк вагонының иесі өтейді.

Тергеу жұмыстары үшін арнайы комиссия құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, 17 маусымда Астана-Алматы жолаушылар пойызы Шу станциясының маңында апатқа ұшыраған болатын. Төтенше жағдайдың салдарынан сегіз вагон рельстен шығып кеткен. Оқиғаның нәтижесінде  12 жастағы жеткіншек көз жұмып, тағы 22 жолаушы жарақат алды. Осыдан кейін бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.