$ 494.87  520.65  4.91

13 жыл бұрын жоғалып кеткен мысық үйіне оралып, өліп қалған (ФОТО)

Англияның Сайренсестер қаласында тұратын отбасында қызықты әрі мұңды жағдай орын алды. 2001 жылы Эбигейл Смиттің отбасы 4 апталық марғауды асырап алған. Содан бері Уиллоу атты мысыққа иесі күтім көрсетіп, қатты жақсы көрген. Алайда 4 жылдан кейін мысық ұшты-күйлі жоғалып кетіпті деп жазады Stan.kz.

13 жылдан кейін Эбигейл «Фейсбук» желісінен мысық туралы хабарламадан өз мысығын көріп қалған. Желі қолданушыларының бірінің жазбасында мысықтың өзенге түсіп кеткені жазылған.

«Біз бұған сене алмадық. Ол жоғалып кеткенде жүрегім қатты ауырған еді. «Фейсбуктегі» жазбаны көргенде, скриншот жасап, суретті анама жібердім. Оған суреттегі мысықтық жоғалып кеткен мысығыма қатты ұқсайтынын айттым. Мен есімнен адасқан екенмін деп ойладым», – дейді Эбигейл Смит.

Артынша мал дәрігері табылған мысықтың шынымен де жоғалып кеткен Уиллоу екенін растаған.

Қатты қуанған Смит мысығын үйіне алып келіпті. Оның ұлдары да мысықты бірден жақсы көріп кеткен. Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Себебі үш күннен кейін 17 жастағы мысық өліп қалған.

«Мен онымен қоштаса алғаным үшін ризамын. Ең болмаса, ол өмірінің соңғы күндерінде өзін жақсы көретінін сезіне алды», – дейді Эбигейл Смит.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары